Түркістан облысында балабақша меңгерушісі пара алды деп айыпталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында «Қобыланды бөбекжай балабақшасы» МКҚК меңгерушісі пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Түркістан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Қобыланды бөбекжай балабақшасы» МКҚК-ның меңгерушісіне қатысты пара алды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

«Ол азаматтан тәрбиеші ретінде оны жұмысқа орналастырғаны үшін 200 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар