+7 (701) 759 90 19
USD 428.07 EUR 507.61
RUB 5.62 CNY 65.15
Jańalyqtar

Түркістан облысында «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 400-ден астам пәтер бөлінді

2020 жылғы 21 мамыр 16:29
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 400-ден астам пәтер бөлінді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында «2-10-20» әлеуметтік «Бақытты отбасы» бағдарламасына құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағандыда қолжетімді тұрғын үй құрылысы бойынша жаңа жоба жүзеге асырылуда Жамбылдықтар асарлатып, 50-ге жуық мұқтаж отбасыға үй салып берді СҚО-да жас мамандарды баспанамен қамту үшін өңірлік бағдарлама жасалады

Түркістан облысы тұрғындарына өзі тұратын аймақтан, аудан орталықтары не Түркістан, Кентау қалаларынан баспана сатып алуға мүмкіндік берілді. Шарт бойынша, болашақ үй иесінің және бірге тұратын отбасы мүшелерінің атында баспана болмауы тиіс.

Табысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алуға арналған несиелендіру бағдарламасына үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар және мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылар ғана қатыса алады. Түркістан облысында кезекке тіркелген азаматтардың үлесіне 400-ден астам пәтер бөлінген.


Тұрғындар «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен» келісімшартқа отырулары тиіс. Банк 10 миллион теңгеге дейін несие береді. Несиенің жылдық мөлшерлемесі - 2%, бастапқы жарна -10%, несие 20 жылға дейін беріледі.

www.hcsbk.kz сайты арқылы не кез келген ұялы телефоннан 300 (Қазақстан бойынша тегін) нөміріне хабарласып кеңес алуға болады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT