+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

Түркістан облысында азық-түліктің шекті бағасы белгіленді

2020 жылғы 9 сәуір 12:40
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында азық-түліктің шекті бағасы белгіленді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында азық-түлік тауарларының шекті бағасы белгіленіп, бақылауға алынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, бірінші сотты бидай ұнының келісі - 169 теңге, бірініші сортты ұннан жасалған бидай наны - 155 теңге, күріш 216 теңге, сиыр еті - 1910 теңге, тауық жұмыртқасы - 28 теңге, күнбағыс майы - 434 теңге, ас тұзы - 49 теңге, қарақұмық жармасы - 327 теңге болып белгіленген. Базар нарқындағы тауардың құны осы белгіленген бағадан асып кетпеуін қадағалау үшін мамандар сауда орындарына тұрақты түрде мониторинг жүргізіп келеді. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы мәлімдеді.

Мамандар тұрғындарды азық-түлік құнының қымбаттауын болдырмау шараларына атсалысуға шақырады. Аталған тауарлардың белгіленген шектік бағадан қымбатқа саудаланып жатқанын кездестірген азамат тиісті орынға хабарласуына болады. Ол үшін бар болғаны dosmart.kz сайтына немесе ConsumerprotectionKZ телеграм арнасына кіріп, қажетті ақпарат (дүкен атауы, тауар және сату бағасы, аты-жөніңіз, телефон нөміріңіз) беру керек. Сондай-ақ, жергілікті әкімдікке тікелей хабарласып та мән-жайды жеткізуге болады.

Айта кетейік, азық-түлік бағасының көтерілмеуіне байланысты мұндай жұмыстар ҚР Сауда және интеграция министрлігі, Ауылшаруашылығы министрлігі және Ұлттық экономика министрлігі бірлесе шығарған бұйрық негізінде атқарылуда.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларын енгізу» туралы бұйрықта Қазақстан Республикасында төтенше жағдай кезеңіндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағалары енгізілсін делінген.

Сондай-ақ, бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау ҚР сауда және интеграция, ауыл шаруашылығы және ұлттық экономика вице-министрлеріне жүктелетіні көрсетілген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT