Түркістан облысында азаматтық секторды дамыту мәселелері талқыланды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - «Түркістан облысы Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің бастамасымен өңірлік Ішкі саясат басқармасы облыстағы белсенді азаматтық сектор өкілдерінің кездесуін ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шара барысында заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы қоғамдық бірлестігі «Nur Otan» партиясының облыстық филиалымен, Түркістан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілімен, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және ішкі саясат басқармасымен өзара бірлескен жұмыс туралы меморандумға қол қойды.null

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінен мәлім еткендей, сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдардың іс жүзінде жүзеге асырылып жатқан жобалары талқыланды. Жиынға аудандық және қалалық 50-ге жуық ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсен Тәжібаев қатысушыларды қоғамдағы түйіткілді мәселелерді шешуде белсенді болуға шақырды.

«Азаматтық қоғамды дамытуға, ҮЕҰ-ларға қолдау білдіруге бағытталған оң саясаттың нәтижесінде біз ҚР Тұңғыш Президентінің халыққа Жолдауы, «Рухани жаңғыру», «Бес әлеуметтік бастама» секілді мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруымыз қажет. Оның ішінде дін, балалар құқығы, отбасы және жастар саясаты, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мәселесі бар. Бұл ретте, облыстың позитивті беделін қалыптастыруды жүйелі іске асыру қажет», - деді ол.

«Түркістан облысы Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шәріпбек Жамалбек аудан, қалалардағы қоғамдық бірлестіктердің қайта тіркеуден өту жұмыстарында тиянақтылық танытуға шақырды.

«Облыс бойынша қайта тіркеуден өткен ұйымдардың саны жүзден енді асты. Сондықтан да тіркелуді кешіктірмей, өткізгендеріңіз дұрыс. Ал өзекті мәселелер туындаған жағдайда әрбір қоғамдық ұйым жеке мүддесі үшін емес, мемлекет мүддесі үшін бірлесе жұмыс атқаруы тиіс. Азаматтық секторды дамыту жайы - билік пен ұйымдардың ортақ мақсаты. Бұл салада бәріміздің бірлесе атқаратын жобаларымыз көп. Сол кезде ғана біз құндылықтарды сақтаған, береке-бірлікте өмір сүретін егемен елдің бір бөлшегі боламыз», - деді ол.

Сондай-ақ мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс істеуге уағдаласқан аудан, қалалардағы үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері өздерінің тиімді жұмыс жүргізу әдісі мен жаңа жобалары туралы ой қозғады.

null null null

Соңғы жаңалықтар