Түркістан облысында «Айбары мықты Ата Заң» мерекелік шарасы өтті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат -   Бүгін Түркістан облысында Конституция күніне орай «Айбары мықты Ата Заң» мерекелік шарасы өтті. Салтанатты шараға 600-ге жуық азамат қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жергілікті билік өкілдері мен мәслихат депутаттары, облыстық басқармалар мен құқық қорғау органдарының басшылары, ардагерлер алқасы мен зиялы қауым өкілдері, ҮЕҰ мүшелері мен студент жастар, БАҚ өкілдері қатысқан жиында өнер ұжымдары мен әншілер концерттік бағдарлама ұсынып, патриоттық әндер шырқалды. Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев көпшілікті мерекемен құттықтады. 

«Конституция - мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі! Бүгінгі жиынымыздың мәні терең екендігін атап айтуға тиіспіз. Өйткені Елбасы бастамасымен өңірімізде тарихи тың бетбұрыс жасалып, биылғы мереке мемлекеттің тағдырында маңызды орталыққа айналған Түркістанда өтіп отыр. Екі ғасырдан астам уақыт Ұлы дала дәстүрін дәріптеп, «Жеті жарғысы» жазылған қасиетті Түркістанның орны Қазақ елі үшін ерекше. Ендеше, тамыры «Жеті жарғыдан» тартылған Ата заңымыздың айбыны асқақтай берсін!»,- деді өңір басшысы. 

null

Жансейіт Қансейітұлы шара барысында еңбегімен үздік атанған бір топ азаматқа Грамота мен Алғыс хат тапсырды. Шарада өңірдің театр ұжымдары мен домбырашылары, би ансамбльдерінен құралған 150-ден аса өнерпаз «Ата заң», «Ұлы Дала заңы», «Дала даналығы» сазды-хореографиялық композициясын ұсынды.  

Соңғы жаңалықтар