Түркістан облысында автобус жүргізушілері 660 рет заң бұзған

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының полицейлері «Автобус» жедел алдын алу іс шарасы барысында 660 жол жүру ережесін бұзғандарды анықтады. Қоғамдық көліктердің жүргізушілері жылдамдықты арттырып, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасының үш күнінде тәртіп сақшылары жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзудың 30 және автотранспорт құралдарын рұқсатсыз пайдаланудың 41 жәйтін анықтаған. Ал, 218 жүргізуші автокөлікті басқаруда телефон қолданған. Автобусты тізгіндегеушінің 114-і маневрлік ережелерді бұзса, 59-ы жылдамдықты арттырған.

Бұдан өзге жолдың қарсы бетіне шығудың 1 жәйті тіркеліп, 98 жүргізушінің міндетті техникалық байқаудан өтпегені белгілі болды. Сондай-ақ, қоғамдық көлік тізгіндегендердің медициналық тексеруден өтпегені, сақтандыру полисі құжатынсыз жолға шыққандары анықталды. Барлық ереже бұзушыларға қатысты тиісті шаралар қолданылып, әкімшілік жауапқа тартылды.

Түркістан облысының ПД жол полициясы қызметінің өкілдері көрсеткендей, осындай алдын-алу іс-шаралары қоғамдық көліктің қатысуымен болатын оқиғаларды азайтады. Сонымен қатар жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жүргізушілердің жауапкершілігін арттырады.

Соңғы жаңалықтар