+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Түркістан облысында ауылшаруашылығы өнімін өңдейтін 45 кәсіпорын іске қосылады

2018 жылғы 8 қараша 17:09
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында ауылшаруашылығы өнімін өңдейтін 45 кәсіпорын іске қосылады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы 2025 жылға қарай 58 156 тонна етті қайта өңдеп экспорттайтын болады. Алдағы уақытта 49 195 тонна тауар қайта өңделмек. Бұл туралы облыстық ауыл шарушылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өткен жиында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма басшысының сөзінше, бүгінге дейін өңірде 43 мың тонна сүт қайта өңделіп келсе, келешекте оның көлемі 92 мың тоннаға артады. Мұндай жетістіктерге жаңадан әзірленген «Түркістан облысында агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың өңірлік бағдарламасы» аясында қол жеткізілетін болады.
null

«Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында облысымызда жалпы 107 кәсіпорын жұмыс істеп келеді. Оның 38 ет, 35і сүт, 34 кәсіпорын жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеумен айналысады. Бағдарлама аясында 2025 жылға қарай облыс аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарының саны 45 бірлікке жеткізу жоспарда бар. Жоспар жүзеге асса, экспорт көлемі 2,5 артады», - деді Нұрбек Бадырақов.
null

Сондай-ақ өткен жылы қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 231,5 млн АҚШ долларын құраған. Бұл көрсеткішті 2022 жылға қарай 578,8 млн АҚШ долларға жеткізу жоспарлануда. Дайын өнімдердің 41,5 пайызы Ресей, Беларусь, Қырғызстан елдеріне, 38,5 пайызы Өзбекстанға 9,2 пайызы Ауғанстан Республикасына жөнелтілген. 2022 жылға қарай экспорт көлемін 4,1 млн тоннаға жеткізу көзделуде.

Бағдарлама аясында өңірдегі агороөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экспортты әртараптандыру үшін Түркістан қаласының аумағында агро аймақтар құрылмақ. Бұдан бөлек, 2019 жылы дизель отынын электронды тарату, 2020 жылы көкөніс-жеміс, бақша, мақта және мал шаруашылығы өнімдерін сатуда электронды сауда саттықты жүзеге асыру жоспарлануда.


1_small
null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT