Түркістан облысында ауылдастарының газ есептеуішін ұрлаған зейнеткер ұсталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында ауылдастарының газ есептеуішін ұрлаған зейнеткер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментініне сілтеме жасап.

«Бәйдібек аудандық ПБ-на жергілікті тұрғын арызданған. Ол үйінің сыртында темір қалқаншада тұрған газ есептегіш құралы мен газ қысымын өлшегіш құралын ұрлап кеткенін айтып шағымданған.

Аудандық полиция бөлімінде 10 күн ішінде осындай тағы 4 дерек тіркелген. Жәбірленушілер 200 мың теңгеге жуық шығын келген. Аталған істер біріктіріліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», делінген хабарламада.

Ұрлықты ашу үшін аудандық полицейлер жақын маңдарды тексеріп, куәгерлерден жауап алды. Нәтижесінде, нақты ақпарат бойынша зейнеткер күдікке ілінді.

Кейін осы ұрлыққа қатысы бар, жергілікті тұрғын Шаян ауылының көшелерінің бірінен ұсталды. Күдіктінің сөмкесін тінту барысында 2 газ есептегіш құралы мен 2 құбыр бұрамасын шешетін арнайы кілт табылды. Сондай-ақ, күдіктінің жауабына сәйкес үйінен ұрланған заттар табылып, заңды иелеріне қайтарылды. Ұсталған қария өз кінәсін толық мойындады, оған ешқайда кетпеу туралы қолхат арқылы бұлтартпау шарасын қолданылды.

Тергеу барысында, күдікті зейнет жасына шыққаннан соң, ауылда отын бұтаумен айналысқаны анықталды. Ал, жәбірленушілер оған ағаштарын жарғызып, аралатқан болып шықты.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, іс айыптау актісімен сотқа жолданған.

Соңғы жаңалықтар