Түркістан облысында ауылдағы дәмхана өртенді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Сарыағаш ауданында дәмхана өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

«27 қыркүйек күні өртке қарсы қызмет пультына Сарыағаш ауданы Дербесек ауылындағы «Нұсқабек ата» кафесінің өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Өрт сөндіру шараларының арқасында тілсіз жау 07:42-де ауыздықталып, 08:40-та толықтай сөндірілді. Жалын 290 шаршы метр аумақты шарпыды», делінген хабарламада.

Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.

Бастапқы болжамға сәйкес, өртке электр сымының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Өртті сөндіруге облыстық ТЖД жеке құрамынан 17 адам және 4 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар