Түркістан облысында ауыл тұрғындарының ұрланған малы қайтарылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында мал ұрлығын кәсіп еткен барымташылар ұсталды. Қылмыстық топ мүшелерінің жәбірленушілерге миллион теңгеге жуық шығын келтіргені анықталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, топ мүшелері алдымен ауыл тұрғындарының бірінің үйінің ауласынан 150 мың теңге тұратын сиырын ұрлап кеткен. Осы секілді түрлі арыздармен полицияға тағы да Отырар ауданының бірнеше жергілікті тұрғын арызданған.

«Аталған қылмысты ашу үшін тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер аудандағы барлық үйлерді тексеріп шыққан. Көршілес полиция бөлімдеріне бағдар берілді. Полицейлер көршілес ауданнан ұрланған малды сатып жібермекші болған күдіктілерді ұстады. Олар, Арыс және Ордабасы ауданының 4 тұрғыны екені анықталды. Тергеу барысында сезіктілердің тағы 5 ұрлыққа қатысы барлығы белгілі болды. Айғақты зат ретінде мал мен автокөлік тәркіленді», делінген хабарламада.

Қазіргі таңда соттың шешімімен 1983 және 1984 жылғы екі айыпталушы 2,5 жылға сотталды. Ал қалған күдіктілерге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Себебі, олар жәбірленші мәміле жасасқан.

Ал, ұрланған мал иелеріне қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар