Түркістан облысында ауыл тұрғындары тегін медициналық тексеруден өтті

None
None
ОРДАБАСЫ. ҚазАқпарат – Түркістан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен Ордабасы ауданының Қараспан ауылында «Денсаулық жолы-2019» акциясы өтті. Облыс орталығынан шалғай жатқан елді мекен тұрғындарына толықтай медициналық тексеруден өтуіне мүмкіндік жасау мақсатында ұйымдастырылған шарада тұрғындар бейінді мамандардың кеңесін алып, медициналық ақпараттылығы мен өз денсаулықтарына жауапкершіліктерін жоғарылату жөнінде кеңестер тыңдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара барысында медицина қызметкерлері тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Дененің артық салмағының денсаулыққа зияндылығы түсіндіріліп, дұрыс тамақтану бойынша түрлі кеңестер берілді. Физикалық белсенділік, жұқпалы емес аурулардың алдын алу, денсаулықты күту мен нығайту жайы да кең көлемде түсіндірілді. Қараспан ауылдық дәрігерлік амбулаториясында терапевт, кардиолог, педиатр, эндокринолог, онколог, офтальмолог дәрігерлер тұрғындарды профилактикалық тексеруден өткізіп, кеңестер берді.Тегін дәрігерлік тексеру барысында біршама тұрғынға дәрігерге қаралуға жолдама берілді. Акцияға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берген мамандар нұсқамалар және хабарламалық-білімдік материалдарын таратты.

Сондай-ақ, барлық халықты белсенді болуға, медицина қызметкерлерінің нұсқамаларын орындауға, өз денсаулықтарын сақтауға және күшейтуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар