+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 387.34 EUR 428.44
RUB 6.04 CNY 54.58
Jańalyqtar

Түркістан облысында «Ауыл - ел бесігі» аясында 100-ден аса жоба жүзеге асады

2019 жылғы 5 қыркүйек 13:13
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында «Ауыл - ел бесігі» аясында 100-ден аса жоба жүзеге асады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында 100-ден аса жоба жүзеге асады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ҚР Президенті Жолдауын іске асыруға арналған облыс активының жиынында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің сөзінше, Елбасы тапсырмасына сәйкес, өңірде аталған жоба қарқынды жүзеге асуда.


«Биыл аймақта 7 елдімекеннің мәселесін шешуге 4 млрд теңге бағытталды. Нәтижесінде, 112,8 шақырым жол төселіп, 7 білім, 1 спорт және 5 мәдениет нысаны жөндеуден өтеді. Сондай-ақ, жоба аясында 2020 жылы 15 елдімекенде 114 жобаны іске асыруға 4,8 млрд теңге бағыттау жоспарлануда», - деді Өмірзақ Шөкеев.


Бұдан өзге, облыс басшысы «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 1 729 маманға 307 млн-нан астам теңге біржолғы көтерме жәрдемақыға бағытталатынын атап өтті. Сонымен қатар, жоба бойынша тұрғын үй сатып алу, немесе салу үшін бюджеттік кредиттер беруге 3,8 млрд теңге бөлу жоспарланып, нәтижесінде 356 маман баспаналы болады деп күтілуде.

Ал, «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша 3 413 пәтерлі, 64 тұрғын үйдің (231 мың шаршы метр) құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін 2 613 пәтер пайдалануға берілмек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT