Түркістан облысында ауласына есірткі еккен тұрғын ұсталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының полицейлері үйінің ауласына есірткі еккен тұрғынды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, алдын ала түскен ақпаратқа сәйкес тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп, күдікті тұрғынның аты-жөні мен мекен-жайын анықтаған. Күдіктінің үйінің ауласын тексеру барысында егіліп, бапталған 6 түп есірткі заты табылған. Айғақты зат ретінде алынған өсімдікке сот-сараптамалық зерттеу жүргізілген. Сараптама нәтижесінде өсімдіктің «сора» есірткі заты екендігі анықталып отыр. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйіне жіберілді.

«Түркістан облысының полицейлері құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді еккені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Тәртіп сақшылары есірткінің қоғам дерті екендігіне баса назар аудара отыр, оны өсіретіндермен, қолданатындармен және тасымалдаушылармен күресті күшейтуде. Сондықтан есірткіге қатысты қандай да бір ақпаратты білсеңіз бірден полицияның «102» нөміріне хабарласыңыз. Бұл есірткіге байланысты қылмыстардың азаюы мен жолын кесуге септігін тигізеді», - деп атап өтеді ведостводан.


Соңғы жаңалықтар