Түркістан облысында аудандық полиция бөлімі бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі Түркістан облысы Сауран аудандық полиция бөлімі бастығының бұрынғы орынбасарына, полиция полковнигіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тергеуді бастады.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Полковникке полиция бөлімінде алаяқтық фактісі бойынша тергеліп жатқан тұлғаларды қылмыстық жауапқа тартуға және іс бойынша залалды өтеуге жәрдемдесу үшін алаяқтық жолмен 1 млн теңге мөлшерінде ақша алды деген күдік келтіріліп отыр.

Күдіктінің кінәсін толық мойындауы және келтірілген залалды өтеуіне байланысты оған тергеу сотының санкциясымен «үйқамақ» бұлтартпау шарасы санкцияланды.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар