+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Түркістан облысында «Ashyq» жобасына қатысуға 150-ге жуық кәсіпкер өтінім берген

2021 жылғы 14 мамыр 16:29
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында «Ashyq» жобасына қатысуға 150-ге жуық кәсіпкер өтінім берген

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында пандемия кезінде тұралап қалған кәсіпкерлік нысандар жұмысы жандана бастады. Бүгінде «Ashyq» жобасына қатысуға 150-ге жуық кәсіпкер өтінім берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елорда вокзалының менеджері Ashyq туралы: Халық топырлап, кезек күтіп тұрмайды Нұр-Сұлтанда шығарып салушылар мен күтіп алушылар вокзалға кіре ала ма Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалында Ashyq жобасы қалай жұмыс істейді

Облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Зухра Амированың айтуынша, өңірде жүзеге асырылып жатқан «Ashyq» жобасы өзінің оң нәтижесін беріп отыр.

«Облыста жаңа жүйені пайдалана отырып, кәсібін жүргізгісі келетін кәсіпкерлер қатары артып келеді. Бүгінге дейін 150-ге жуық кәсіпкер «Ashyq» жобасына қатысуға өтінім берген. Оның ішінде 86 өтініш мақұлданып, QR-код алған. Қалған өтінімдер бойынша тиісті құжаттарын тексеру жұмыстары жүргізілуде«, – деді З.Амирова.

Жобаға қосылу үшін берілген өтінімдердің дені қоғамдық тамақтану орындарына тиесілі. Сондай-ақ, олардың қатарында боулинг, бильярд, монша, кинотеатр және компьютерлік клубтар бар.

Мамандар «Ashyq» жобасына қатысып, QR код алу үшін infokazakhstan.kz сайты арқылы өтінім бере алатынын айтады. Егер кәсіпкер өзі сайт арқылы тапсыра алмаса немесе жобаға қатысты сауалдар туындаған жағдайда Кәсіпкерлер палатасының мамандары кеңес беріп, қолдау көрсететуге дайын екендіктерін жеткізді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT