Түркістан облысында «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер шектеусіз қызмет көрсетеді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу бойынша шектеу шаралары туралы Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулыға сәйкес:

- «Ashyq» жобасына қатыспайтын нысандарда бұқаралық іс-шараларды (мерекелік, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды, конференцияларды, форумдарды, мерекелік корпоративтерді және т.б.), отбасылық іс-шараларды (үйлену тойы, мерейтой, беташар, қыз ұзату, құдалық) және көпшілік жиналатын өзгеде іс-шараларды өткізуге тыйым салынған.

- Қоғамдық орындарға және қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ, ашық ауада орналасқан қоғамдық орындарда болған кезде бетперде кию, 1,5-2м. әлеуметтік арақашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптар қатаң сақталуы қажет.

Түркістан облысы жасыл аймаққа өтуіне орай «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу қойылмайды. Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар, әуежайлар, теміржол, автомобиль және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар, автомобиль өткізу жолдары, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері, ХҚКО, Банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері, Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары (ата-аналардың өтініштері бойынша) қалыпты деңгейде қызмет көрсетеді.

Персонал мен келушілердегі қауіпсіз «жасыл» мәртебе бойынша «Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің тізбесіне сәйкес салтанатты, ас беру, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, ас беру) өткізу, конференциялар, форумдар, адамдар көп жиналатын ойын-сауық және өзге де іс-шаралар, көрмелер, марафондар, көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар өткізуге шектеу жоқ.



Соңғы жаңалықтар