Түркістан облысында «Ashyq» жобасына қатысатын нысандардың жұмысына рұқсат берілді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында «Ashyq» жобасына қатысатын барлық нысандардың жұмысына рұқсат берілді. Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «жаңа қаулысына сәйкес, аталған жобаға қатысатын нысандарға сенбі, жексенбі күндері қойылған шектеулер алынып тасталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір «жасыл аймақта» болғандықтан «Ashyq» жобасына қатысатын мейрамхана, дәмхана қоғамдық тамақтану объектілері толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат («Көшбасшы» мәртебесімен сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін).

Банкет залдары (мейрамханалар және дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету) толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат («Көшбасшы» мәртебесімен сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін).

Сауналар, моншалар, СПА-орталықтар мен бассейндер, спорт кешендері, қонақ үйлер, сауда-ойын-сауық орталықтары сауда үйлері, ашық және жабық базарлар, сұлулық салондары жұмыс жасайды.

Қоғамдық көліктер «Ashyq» жобасына қатыспайтын болғандықтан сенбі күні қызмет көрсетеді, жексенбі күні жұмыстарына тыйым салынады. Сонымен қатар демалыс аймақтары да «Ashyq» жобасына қатыспайтын болғандықтан сенбі, жексенбі күндері қызмет көрсетпейтін болды.


Соңғы жаңалықтар