Түркістан облысында «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы жүзеге асуда

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – «Nur Otan» партиясының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Түркістан облысында да жалғасын табуда. Облыстық партия филиалының ұжымы екінші дүниежүзілік соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне және Ауған соғысына қатысушыларға әлеуметтік көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақ халатты абзал жандар ардагерлерді медициналық тексеруден өткізсе, белсенді жастар үй-ішілік шаруаларына жардемдесті.

«Біз әрдайым Отанымызды қорғауды мақсат тұттық. Ардагерлерді ардақтап, құрмет көрсетіп, сыйлап отырған «Nur Otan» партиясының мүшелері мен дәрігерлерге ризашылығымды білдіремін», – деді Ұлы Отан соғысының ардагері Әбжаппар Дайрабайұлы.

Бүгінде Әбжаппар қария 94 жасқа толып отыр. Қартайса да қоғамда болып жатқан жаңалықтарды қалт жібермейді. Қажет кезінде үн қосып, өзіндік пікірінде білдіріп отырады. Кездесуде қария көшбасшы партияның қолға алуымен жүзеге асып жатқан істерге де жоғары бағасын берді.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қалима Жантөреева соғыс ардагерінің жағдайын сұрады. Акцияның мақсатымен таныстырып, толғандырып жүрген мәселелерін білді.

«Біз ардагерлерімізге тек жеңіс күнінде ғана емес, тұрақты түрде көңіл бөліп отырамыз. Бұл іс-шара облысымызға қарасты аудан, қалалардың баршасында өтіп жатыр» – деді Қ.Жантөреева.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Түркістан облысында 60-қа жуық екінші дүниежүзілік соғысы және 9500-ден астам тыл ардагерлері бар. Жоба аясында нұротандықтар барша жеңіс жеміпаздарына құрмет көрсетуді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар