Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысындағы №2 перинаталдық орталықта салмағы 6 келі болатын қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мамандардың сөзінше, бұл салмақ қалыпты жағдайдан екі есе үлкен екен.

Дәрігерлер 30 жастағы келіншекті 13 маусым күні кесір тілігі арқылы босандырып алған. Қазір ана мен балаға тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Нәресте мен анасының жағдайы қалыпты.

Алтыншы перзентін өмірге әкелген Нұрила Бөрікбаева қызының есімін Жұлдыз деп қойыпты.

Айта кетейік, Түркістан облысында 23 жастаға ана үшем босанған болатын. Үш қызға Раяна, Разия, Райхана есімі берілді.


Соңғы жаңалықтар