+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Түркістан облысында Алғыс айту күні ерекше форматта аталып өтті

2020 жылғы 29 ақпан 01:10
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында Алғыс айту күні ерекше форматта аталып өтті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында Алғыс айту күні қарсаңында ерекше форматта жиын өтті.

Ұқсас жаңалықтар
«Birgemiz» қоғамдық қорының ресми сайты іске қосылды Талдықорғанда түнгі уақытта жұмыс істеген дәмханаға айыппұл салынды 2 сәуір. Туған күн иелері

Өңірде мекендеп, тату-тәтті бейбіт күнді бастан кешіріп жүрген бірнеше этнос өкілдері «Жеңіс» саябағында үлкен іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркі халықтарының рухани орталығы саналатын Түркістан қаласы тарихи өлке, киелі мекен екені белгілі. Мұнда тіршілік ететін бірнеше ұлт өкілдері бірлік пен ынтымақта күн кешіп келеді. Ал, 1 наурыз Алғыс айту күні қарсаңында ұйымдастырылған салтанатты жиында облыс аумағында тұратын барлық ұлт өкілдерінің басы қосылып, қазақтың киіз үйі тігілді. Салтын сақтап, дәстүрін дәріптеген этнос өкілдері қазақ жері мен қасиетті топырақты қоныс еткендерін қуанышпен жеткізді. Мерекелік жиынға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қатысып, барлық ұлт өкілдерінің біртұтастық пен келісімде бір ортаны мекен етуі ел іргесінің беріктігіне ықпал ететінін жеткізді.

«Бүгінгі идеологиялық мәні зор іс-шарада осы өңірде өмір сүріп жатқан барлық ұлт өкілдері бас қосып, қазақтың қарашаңырағы – қазақ үйді бірге құруға атсалысады. Өткенге - салауат, келешекке – аманат айта отырып, біз келер ұрпаққа үлкен үміт артуымыз керек. Ұрпақтар сабақтастығы, ұлттар арасындағы достық, еліміздің тыныштығы келер буынның еншісінде болмақ»,- деген облыс әкімінің орынбасары барлық ұлт өкілдерімен бірге киіз үйдің шаңырағын тіктеп, биікке көтерді.

Одан кейін сөз алған шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің мүшесі Хусейн Дидсеев бұл мерекенің бірлік пен тұрақтылықты сақтаудағы маңызына тоқталып, қазақ халқына өзінің айрықша алғысын жеткізді.

Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен жүзеге асып, қазіргі таңда үлкен қолдауға ие болған «Қамқорлық» бағдарламасы да осы шарада өз жалғасын тапты. Түркістан қаласында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетіліп, олардың әрқайсысына жеке куратордан бекітілді. Мерекелік шараға қатысушы зиялы қауым өкілдері мен этнос өкілдері ұлттық тағамдардан дәм татып, этнос жастарының өнерін тамашалады.

Айта кетейік, бүгінде өңірде 11 этномәдени бірлестік пен олардың аудандық, қалалық 7 филиалы және 14 өкілдігі бар. Әр этностың салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын, мәдениеті мен тілін дәріптеу бағытында этномәдени бірлестіктер жанынан 4 жексенбілік мектеп пен 8 жастар қанаты әрекет етеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT