+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Түркістан облысында әлеуметтік нан бағасы көтерілмейді

2019 жылғы 30 қазан 16:34
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында әлеуметтік нан бағасы көтерілмейді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 1-сұрыпты ұннан жасалған әлеуметтік нан бағасының көтерілуіне жол берілмейді. Өңірде әлеуметтік нан бағасының өсуіне қарсы жүйелі шаралар жүзеге асуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысында нан бағасын тұрақтандыруға қосымша қаржы бөлінді Ақтөбеде нан өндірушілер бағаны өзара келісіммен көтерген болуы мүмкін Оралда нан қымбаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында қаладағы сауда орындары мен наубайхана өкілдерінің қатысуымен «Түркістан» ӘКК АҚ тұрақтандыру қорының шұғыл жиналысы өткізіліп, бағаның көтерілуіне жол бермеу шаралары талқыланды.

Мәселені шешу үшін Қостанай облысынан Түркістан қаласына бидайды арзан бағамен жеткізу туралы келіссөздер жүргізілді.

Осыдан кейін «Ақжол» ЖШС наубайханасымен келісімге қол жеткізілді.

Наубайханада күн сайын 1-сұрыпты ұннан 25 мың дана пісірілген нан өндіріп, Түркістан қаласындағы сұраныстың 80% қамтамасыз етеді.

Облыс әкімдігінде жүйелі жұмыс жүргізіліп, нәтижесінде арзан бағадағы шикізатпен қамтамасыз етіліп жатқанын атап өтті. Күніне 2 мың дана әлеуметтік нан барлық дүкендерге бөлініп жеткізіледі және 75 теңгеден сатылады. Бұл бүкіл республика бойынша бәсекеге қабілетті бағалардың бірі.

Наубайхана айына 1-сұрыпты ұннан 375 тонна нан шығарады, ол қаладағы 20 сауда нүктесінде сатылады, бұл азық-түлік сататын сауда орындарының жалпы санының 66%-ын құрайды. Сонымен қатар, қазіргі уақытта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мақсатында Түркістан облысының азық-түлік дүкендеріне, әлеуметтік нан өнімдерін шығаратын қайта өңдеу кәсіпорындарына (диірмендер, наубайханалар және т.б.) несие беру мәселесі қарастырылуда.

Естеріңізге сала кетейік, «Түркістан» ӘКК АҚ тұрақтандыру қоры әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу және облыстың базарлары мен сауда нүктелеріндегі бағалардың тұрақтануын қамтамасыз етеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT