+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары жүргізілуде

2021 жылғы 19 шілде 22:42
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары жүргізілуде

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру» іс-шаралар жоспары бекітілді. Аталған тауарлардың бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында облыс орталығында халық көп шоғырланған сауда нүктелері мен шағын аудандарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстаннан Түркияға 600 контейнер жасымық экпорталады Астықтың тоннасы қаншадан сатылып жатыр СҚО-ның тұрақтандыру қорында 3 мың тоннадан астам азық-түлік бар

Облыс әкімдігінің мәліметінше, Түркістан қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға индексі 110,8%-ды құраған. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысының орталығы еліміздегі қалалардың арасында 17-орында.

Ағымдағы жылдың III тоқсанында бекітілген шекті бағалардан 15% - ға жоғары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 4 түрі бойынша өсім болды. Олардың ішінде, күнбағыс майы - 773 теңге 47,0% - ға (шекті бағасы 526 тг), басты пияз - 85 теңге 49,1% – ға (шекті бағасы 57 тг), картоп-75,3%-ға 163 теңге (шекті бағасы 93 тг), сәбіз-251 теңге 122,1% - ға (шекті бағасы 113 тг).

Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының III тоқсанда шекті бағадан 15%-ға өсуіне байланысты нақты шаралар бекітіліп, жәрмеңкелер өткізілмек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT