Түркістан облысында алаяқ әйел 41 адамды алдап соққан

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістан облысында алаяқ әйел 40-тан астам тұрғынды алдап соққан. Мемлекеттік бағдарлама аясында қомақты қаржы алып беремін деген ол жәбірленушілерге1,5 миллион теңгеге жуық залал келтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, наурыз айында Түркістан қаласында тұратын жергілікті тұрғын полицияға арызданған. Ол таныс бір келіншектің алдап ақшасын алып, қайтармай жүргенін көрсеткен. Дәл осыған ұқсас арыздар тағы оншақты адамнан түскен.

«Қылмысты ашу мақсатында Түркістан облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын өткізіп, нәтижесінде Түркістан облысының жұмыссыз жүрген жергілікті тұрғыны ұсталды. Полицейлердің анықтауы бойынша, алаяқ әйел «жұмысқа орналастырып беремін» немесе «мемлекеттен қаржы алып беремін» деген жалған уәде беріп келген. Сөйтіп адамдардың ақшаларын алып отырған» делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған жайт, ҚР ҚК-нің 190-бабы «алаяқтық» бойынша СДТБТ-не тіркеуге алынған. Сезіктіге қатысты жинақталған мәліметтердің барлығы сотқа жолданды.

Соңғы жаңалықтар