Түркістан облысында Әл-Фараби туралы деректі фильм түсірілуде

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев белгілі кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сергей Әзімов пен философия ғылымдарының докторы, профессор Жақыпбек Әлтаевпен кездесті. Басқосуда қонақтар Түркістанның тарихи маңыздылығы мен рөлі жайында сөз өрбітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс басшысы қонақтарға Түркістанды түлетуге бағытталған ой-пікір, жобаларды бірлесіп іске асыру қажеттігін айтты. Өз кезегінде режиссер Сергей Әзімов қазіргі таңда Отырар ауданында ғұлама ғалым Әл-Фараби хақында деректі фильм түсіріп жатқанын жеткізді. Алдағы уақытта Түркістан қаласы мен Ясауи жайында туындылар жасауға ниетті екенін білдірді.  Онда Ясауи бабамыздың балалық шағынан бастап, тұлға ретінде қалыптасуы және сол кездегі Яссы өңірі жайлы тарихи туындыда ғұламаның қалыптастырған ілімі, мектебі, шығармалары қамтылатын болады. Сондай-ақ, осы күнгі Түркістанмен байланыстырып, күллі түркінің ордасына айналған Тұранның тарихы қамтылады.

Кездесуде ғалым Жақыпбек Алтайұлы Түркістанның тарихына арналған халықаралық ғылыми жиындарды ұйымдастыру қажеттігін алға тартты.

Соңғы жаңалықтар