Түркістан облысында аэрофототүсіру жұмыстары басталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының аумағын аэрофототүсіру жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгеодезия» РМҚК-ге сілтеме жасап.

«АН-2 ұшағы Түркістан облысында аэрофототүсіру жұмыстарына кірісті. Түсірілім жасалатын аудан 922 шаршы шақырым.

Қалалар және елді мекендерді аэрофототүсіру жұмысының мақсаты - 1:2000 масштабты топографиялық-геодезиялық цифрлық ауқымдау», - делінген кәсіпорынның Фейсбуктегі парақшасында.

Айта кетерлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Қазгеодезия» РМҚК республиканың аумағын жергілікті жерлердің заманауи жағдайына сай келетін топографиялық геодезиялық және картографиялық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында құрылған.

null

Соңғы жаңалықтар