Түркістан облысында Әдеп кодексін сақтамаған әкім партия қатарынан шығарылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Сайрам ауданында Әдеп кодексін сақтамаған әкім «Nur Otan» партиясы қатарынан шығарылды.

Қарасу ауылдық округі әкімінің Е.Бекбердиевтің жауапкершілігі партияның аталған аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының мәжілісінде қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Белгілі болғандай, Қарасу ауылдық округінің әкімі соңғы 6 айда «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің талаптарын сақтамағаны үшін 2 рет әкімшілік жауапқа тартылған. Сондай-ақ, оған қатысты өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамау мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын сақтамағаны үшін «сөгіс», «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түрінде екі тәртіптік шара қолданылған.

Атап айтқанда. Сайрам аудандық прокуратурасы тарапынан жүргізілген талдау нәтижесімен ауыл әкімі жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж ретінде өтініш білдірген 851 көпбалалы және аз қамтылған отбасының өтініштерін 2019 жылдың сәуір айынан бастап шілде айына дейін себепсіз жұмыспен қамту орталығына жолдамаған. Яғни, 7 жұмыс күн ішінде жолдануы тиіс құжаттар 4 айға жуық жолданбай, көмекке мұқтаж отбасылардың мәселелеріне немқұрайлық танытқан.

Бұдан бөлек, тұрғындар тарапынан Е.Бекбердиев пен әкімдік аппаратының жұмысына қатысты 10 арыз-шағым түскен. Мәжіліс қорытындысы бойынша Қарасу әкімі «Nur Otan» партиясының мүшесі болуға лайықты емес деген шешім қабылданды.


Соңғы жаңалықтар