Түркістан облысында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі тағайындалды

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі болып Наталья Кожабекова тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Наталья Кожабекова 1970 жылы дүниеге келген. 2000 жылы ҚР ІІМ Қостанай заң институтын заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

1989-2018 жылдар аралығында ҚР Ішкі істер органдарында түрлі қызметтер атқарған.

Қоса кетсек, бүгінде республикалық маңызы бар 3 қала мен бірнеше облыста Адам құқықтары жөніндегі уәкілдер тағайындалды Жалпы биыл Қазақстанның 17 өңірінде уәкілдің өкілдігі жұмыс істейтін болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Парламент Сенаты уәкілдің және оның облыстардағы өкілдерінің және Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметін ұйымдастыруға бағытталған заңды мақұлдаған еді.


Соңғы жаңалықтар