Түркістан облысында Абайдың 175 жылдығына арналған онлайн-шаралар басталды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан облысында қазақтың көрнекті ақыны Абайдың 175 жылдығына орай бірқатар мерекелік шара ұйымдастырылады. ҚазАқпарат бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Атап айтқанда, «Жеңіс» саябағында «Адамзаттың Абайы» атты мерекелік жиын өтеді.
Облыстық тарихи-мәдени этнографиялық орталығында «Ұлы даланың ұлы ақыны – Абай» тақырыбында онлайн-лекциясы және «Абай дана, Абай дара» онлайн-көрмесі ұйымдастырылады.
Бұдан бөлек, «Оңтүстікфильм» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Абайдың 16 қара сөзі, «Өлең сөздің патшасы» челленджін, ұлы ойшылға арналған бейнероликтің көрсетілімін өткізеді.
Ал Түркістан облыстық Ы. Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы «Абай рухы қазақ даласында» атты видеокөрме, «Айттым сәлем, Қаламқас...» оқырмандардан сый шарасын жоспарлап отыр.
Облыстық А.С. Пушкин атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасында «Абайды оқы, орында», «Абайға тағзым» бейнабаяндары көрсетіліп, «Абай - ұлт биігі» тақырыбындағы көрмеге виртуалды шолу, «Абайды оқиық» библопост жобасы жүзеге асырылады.
Айта кетейік, биылғы жылы әлемнің көптеген елдері Қазақстанның бастамасымен және ЮНЕСКО-ның қолдауымен Абайдың 175 жылдығын атап өтеді. Осыған орай Қазақстанда 10 тамыз – Абай күні болып белгіленді.
- Қызылорда облысында 4-сынып оқушысы көз жұмды
- Түркістан облысында қарлы бораннан 400-ге жуық адам құтқарылды
- ШҚО-да автобус жүргізушілері үш күнде 700 рет ереже бұзған
- Мүгедек қыздың зорлануына қатысты шағым: Министрлік Шымкенттің әлеуметтік орталығын тексереді
-
Алматыда ишемиялық инсультты емдеуге жасанды интеллект қолданыла бастады
-
Интернет арқылы көлік алмақ болған петропавлдық ақшасынан айырылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам