+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

Түркістан облысында Абай атындағы саябақ ашылды

2020 жылғы 28 тамыз 21:52
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында Абай атындағы саябақ ашылды

СОЗАҚ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылында Конституция күні қарсаңында екі бірдей саябақ ашылды. Демалыс орнының біріне қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, ғұлама ойшыл Абайдың есімі берілді. Саябақта ұлы ақынның мүсіні бейнеленген зәулім ескерткіші орнатылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанайда Бауыржан Момышұлы атындағы саябақ ашылады

Саябақтың жалпы аумағы - 2 гектар. Онда қазірдің өзінде 400 түп тал егіліп, айналасы абаттандырылған. Түрлі-түсті шамдар орнатылып, аяқ жолдар төселген. Алдағы уақытта жергілікті тұрғындардың жанға сая табатын сүйікті демалыс орны болмақ.

Жаңа демалыс орнының салтанатты ашылуына аудан әкімі Салыхан Полатов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов қатысып, жұртшылықты Конституция күнімен құттықтады.


«Биыл ұлы ақын Абайдың туғанына 175 жыл толып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді. Бұл ақынға көрсетілген үлкен құрмет. Бізде туған жер төсінен сәні мен салтанаты келіскен екі бірдей жаңа демалыс орнын ашып отырмыз. Бұл жер халықтың көңіл көтеріп, балалардың ойнайтын сүйікті орынға айналады. Баршаңызды келе жатқан Конституция күнімен құттықтаймын», – деді аудан әкімі.

Екінші ашылған саябақ «Теріскей» деп аталады. Ел игілігіне пайдалануға берілген демалыс орнының аумағында 1000 түп тал егілген. Жалпы аумағы - 4 гектар.

Саябақ ішіндегі бұлақ үстінде көпір салынып, жаяу жүргінші жолы төселген. Көпшілікке арнап соғылған төбесі жабық сәкілер де саябаққа көрік беріп тұр.

Алдағы уақытта мұнда көпжылдық гүлдер егіліп, балалар ойын алаңшасы мен аттракциондар ашылады деп жоспарланып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT