Түркістан облысында 99 жастағы соғыс ардагеріне пәтер кілті табысталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Төлеби ауданында Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагеріне пәтер кілті табысталды. Ардагер Рысмет Жұмағұловқа Леңгір қаласынан 2 бөлмелі үйдің кілті тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Пәтер кілтін салтанатты түрде табыстау рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев пен аудан әкімі Бауыржан Омарбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев қатысты. Олар майдангерді жаңа баспанасымен құттықтап, арнайы сыйлықтарды табыстады.

Айта кетейік, 99 жастағы ардагер бұған дейін Леңгір қаласындағы жеке үйде тұрған. Оған биылғы жылы болатын Жеңістің 75 жылдығына орай және де баспана кезегінің келуіне байланысты жаңа пәтердің кілті берілді. Төрт ұл мен бес қызды тәрбиелеп өсірген ақсақал баспаналы болып, зор қуанышқа кенелді.

Жалпы өңірде соғыс ардагерлеріне деген мемлекеттің қамқорлығы ешқашан толастамаған. Үнемі баспана беріліп, түрлі сый сыяпаттар тапсырылып отырады.


Соңғы жаңалықтар