Түркістан облысында 941 сайлау учаскесі жұмыс істейді

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысында 941 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Бұл жайында Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әуелхан Тұрғымбеков мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елімізде 19 наурыз күні өтетін мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауында Түркістан облысы бойынша 941 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Науқанның ашықтығы мен заңдылығын бақылау үшін облыс аумағында 318 округтік сайлау комиссиясы құрылды. Жалпы өңірде қазіргі таңда 1 млн 177 мың адам дауыс беру құқығына ие.
«Биылғы сайлауда өзгеріс көп. Мәжіліске депутаттар 70 пайыз партиялық тізіммен енсе, 30 пайыз мажоритарлық тәсілмен сайланбақ. Демек, ұйымдар не азаматтар өз-өзін ұсыну арқылы мәжіліс депутаты бола алады. Сондай-ақ, мәслихатқа депутаттар 50 пайыз партиялық тізіммен, 50 пайыз мажоритарлық жолмен енбек. Ал аудан-қала мәслихаттарына 100 пайыз мажоритарлық тәсілмен сайланады», - деді Әуелхан Тұрғымбеков.
Соңғы жаңалықтар