Түркістан облысында 919 сайлау учаскесі бар

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – 7 қазандағы мәлімет бойынша Түркістан облысында 1 168 477 сайлаушы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде барлығы 919 сайлау учаскесі бар. Қазіргі таңда олардағы материалдық-техникалық жабдықталуы дайын.

Түркістан облысының тұрғындары өздерінің сайлау учаскесі туралы қажетті ақпаратты Telegram мессенджерінде (https://t.me/tur_saylaw_bot) арнайы іске қосылған бот арқылы біле алады. Сондай-ақ Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтында да (https://tur.saylaw.kz) арнайы айдар ашылды. Осы байланыс құралдарының көмегімен өңірдегі кез келген сайлаушы 2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы күні дауыс бере алатын сайлау учаскесі туралы толық ақпарат ала алады.

Айта кетейік, тұрғындар тарапынан қосымша сұрақтар туындаған жағдайда 109 Call-орталығына да хабарласуға болады. Аталған Call-орталық 24/7 режимінде жұмыс істейді.


Соңғы жаңалықтар