+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Түркістан облысында 900 мыңға жуық адам  вакцина салдырды

2021 жылғы 28 қыркүйек 21:55
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында 900 мыңға жуық адам  вакцина салдырды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында 891 966 адам COVID-19 індетіне қарсы вакцина салдырды. Екпенің екінші компонентін 722 809 адам қабылдаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қорытынды жасауға асықпайық – Білім министрлігі Түркістанда қайтыс болған оқушы туралы Сайрам ауданында білімге жауапты бөлім басшысы мен мектеп директоры парамен ұсталды Өскеменде вакцина алғандар арасында тұрмыстық техника ойнатылды

Бүгінде өңірдің 42401 тұрғыны отандық QazVac-ты салдырған. Өзге тұрғындар ресейлік «Спутник V», отандық QazVac, Sinopharm компаниясының HayatVax екпесі мен Қытайдың CoronaVac және Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасын қабылдауда. Соңғы тәулікте аймақта 30 адамда COVID-19 індеті анықталып, тәуліктік өсім 0,21% құраған. Ал, зертханаларда 421 адам тексерілген. Жалпы, пандемия басталғалы Covid-19 инфекциясы расталған 14 160 жағдай тіркеліп, олардың 7328-де ауру симптомсыз өткен болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT