Түркістан облысында 80 мың гектарға жуық суармалы жер ағын сумен қамтылады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 80 мың гектарға жуық суармалы жер ағын сумен қамтылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті 38 сессиясында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, Түркістан облысын дамытуға Үкімет ерекше екпін беріп отыр. Осы мақсатта облыс орталығында азық-түлік пен жасыл белдеулерді қалыптастыру, диқандарды ағын сумен қамтамасыз ету, Түркістан қаласын көгалдандыру және абаттандыру үшін серпінді жобалар іске асырылуда.

Жоғарыда аталған жобалар аясында өңір басшысының тікелей бастамасымен Үкіметтік деңгейінде екі қаулы қабылданды.
null

Бірінші, ҚР Үкіметінің қаулысымен 5 су нысаны және ҚР Қаржы министрлігі бұйрығымен «Қараспан» су торабы облыстық меншікке керй қайтарылды. Нәтижесінде, Түркістан облысы Ордабасы, Отырар, Бәйдібек аудандары және Арыс, Кентау қаласы өңірлерінің 78,8 мың гектар суармалы жерлерін ағын сумен тұрақты және уақытылы қамтамасыз етілетін болады.

Жоғарыда аталған су нысандарын тиімді пайдалану, қорғау, күтіп ұстау, дамыту мақсатында облыс әкімінің қаулысымен «Бөген арнасы» мемлекеттік мекемесі құрылды. Бүгінгі күннің өзінде жалпы құны 29,4 млрд теңгені құрайтын 4 жобаны жүзеге асыру жұмыстары басталды.
null

Олар: Түркістан магистральды каналына Сырдария өзенінен машиналық әдіспен су беру құрылысын жүргізу арқылы қосымша 80 млн текше метр ағын су жеткізу жобасы; Түркістан магистральды каналын бетонмен қаптау жұмыстарын жүргізу арқылы қосымша 60 млн текше метр ағын суды үнемдеу жобасы; «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасын салып, 15 млн м³ ағын су жинау жобасы; Арыс-Түркістан массивінде жарамсыз болып қалған 145 тік ұңғыманы қайта қалпына келтіре отырып 34,7 млн м³ қосымша ағын сумен қамтамасыз ету жобасы.

Қазіргі таңда осы жобалар бойынша облыстық бюджеттен жобалық сметалық және техника-негіздемелік құжаттарын әзірлеуге қаржы қарастырылып жатыр.
null

Аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде шаруаларға жеткізілетін ағын су көлемі 196 млн м³ ұлғайып, қосымша 1 500-ден астам жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.
null

Екінші қаулы бойынша, «Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі жоспары» Үкімет тарапынан бекітіліп, облыс орталығын азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз ету мақсатында, Түркістан қаласы аумағынан радиусы 15 шақырымда азық-түлік және жасыл белдеулерін қалыптастыру жобалары іске асырылуда. Белдеу ақылды технологияларды қолдана отырып, ғалымдардың сүйемелдеуімен 2 кезеңмен жүзеге асады. Атап айтқанда, 1-кезең - Түркістан-Шымкент бағытында 1 мың га алқапты қамтиды. Оның жұмыстары басталып кеткен. 2-кезең 2020 жылы Түркістан-Шымкент, Түркістан-Отырар және Түркістан-Кентау, Түркістан-Қызылорда бағыттарында 10 мың га алқап қамтылатын болады.
null

Бұған қоса, осы жоба аясында жалпы құны 46,1 млрд теңгені құрайтын 8 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде 25 млрд теңге кешенді жоспар аясында, 11,5 млрд теңге жергілікті бюджеттен субсидиялауға, қалған 9,5 млрд теңге жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылатын болады.
null null

Соңғы жаңалықтар