Түркістан облысында 8 мыңнан аса шетел көлігі қазақстандық нөмір алды

None
Фото: Түркістан өңірлік коммуникация қызметі
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 8000 астам шетелдік көлік тіркеліп, қазақстандық нөмір алды. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Алмас Тастанбеков мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі күнге дейін өңірде шетелдік көліктерді заңдастыруға 14 306 азамат өтініш білдірген.

Оның 8165-нің көлігі тіркеліп, қазақстандық нөмір алған.

Ал, 1918 автокөлік иесінің құжаттары дұрыс болмауына байланысты кері қайтарылыпты.

Мамандардың сөзінше, тіркеуге ұсынылған көліктердің басым бөлігі Ресей Федерациясынан әкелінген.

Ал, одан кейінгі орында Армения, Қырғызстан, Грузия, Оңтүстік Корея, Латвия елдерінен жеткізілген көліктер тұр.

«Шетелден әкелінген көлікті тіркеу үш мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жүргізіліп жатыр. Одан бөлек, азаматтар құжатын онлайн тапсыруда. Бастапқы төлем - тіркеу үшін 200 мың теңге», - дейді Алмас Тастанбеков.


Соңғы жаңалықтар