Түркістан облысында 77 жастағы қария 2 күннен бері іздестіріліп жатыр

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысында 77 жастағы қария 2 күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Отырар ауданына қарасты Талапты ауылдық округінде болды. 8 маусым күні таңғы сағат 6:00 шамасында үйінен шығып кеткен 1946 жылғы ер адам, қайта оралмаған.

Іздеу жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД және Полиция департаментінің қызметкерлері, еріктілер мен туыстары жұмылдырылды. Қазіргі таңда 94 жеке құрам, 14 техника өзен ішін, қараусыз қалған ғимараттар мен жол бойларында іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар