Түркістан облысында 73 жұмысшының 43 млн теңге жалақы қарызы төленді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша жалақы қарыздары өтелуде. Бұл туралы жыл басынан бері атқарылған жұмысын қорытындылаған «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірлестік төрағасының сөзінше, Түркістан облысы бойынша үшжақты комиссиясы жалақы қарыздарын өтеу бағытында тиісті жұмыстар атқарып, нәтижесінде жыл басынан бері 2 мекеменің 73 жұмыскер алдындағы 43,735 млн теңге жалақы қарызы өтелген. Ал, Шымкент қаласы бойынша 9 мекеме 819 жұмыскерге 121,8 млн теңге қарыз болса, осы күнге дейін 740 жұмыскердің 107 млн теңгесі қайтарылған.

Сондай-ақ, Берік Бекжанов өңірдегі өндірістік жазатайым жағдайларға да жіті тоқталды. Есепті кезеңде өңір бойынша жазатайым оқиғалар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20 оқиғаға азайған. Оның ішінде Түркістан облысы бойынша 7 оқиғаға кемісе, ал Шымкент қаласы бойынша 13 оқиғаға азайған.

Бұдан өзге, төраға ұжымдық шарт жасасу бойынша атқарылған жұмыстарды да атап өтті.

«Есепті кезеңде Түркістан облысында 4854 кәсіпорында ұжымдық шарт жасалса, 2085 мекемеде ұжымдық шарт жасалмаған. Шымкент қаласы бойынша 1033 кәсіпорында ұжымдық шарт жасалған, ал 20628 мекемеде ұжымдық шарт жасалмаған болып отыр. Еңбек қатынастарын заңдастыру мақсатында «Еңбек шартын жасаңыздар» атты республикалық акция іске асырылуда»,- деді Берік Бекжанов.


Соңғы жаңалықтар