Түркістан облысында 70 жастағы қарияға іздеу жарияланды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Сарыағаш АПБ Алматы қаласының тұрғыны арызданып, жасы 70-тен асқан әкесінің 11 қарашада түскі уақытта үйден шығып кетіп, қайта оралмағандығын жеткізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл келеңсіз жағдай Сарыағаш АПБ тіркеліп, адам жоғалу оқиғасы бойынша іздеу жұмыстары басталып кетті. Қазіргі таңда аудан полицейлері жоғалған егде жастағы ер азаматты табуға бағытталған іздестіру шараларын жалғастырып жатыр. Түркістан облысына қарасты барлық қала, аудандық полиция құрылымдарына жоғалған ер азаматтың ерекше белгілері бойынша бағыттамалар жіберілді.

Сондай-ақ, айта кететін жайт, егде жастағы ер адамның үстінде қара түсті шалбар мен күртеше, сұр түсті бас киім болған.


Соңғы жаңалықтар