Түркістан облысында 69 шетелдік ел аумағынан шығарылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында «Заңсыз келуші-2021» жедел профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылып, заңбұзушылыққа жол берген 1276 шетелдік пен ҚР азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рейд барысында 69 шетелдік ел аумағынан аластатылса, 71 адам қабылдап-тарату бөліміне орналастырылды. Сонымен қатар, 770 шетелдіктің саусақ іздері алынып, оның 195-інің ҚР-да болу мерзімдері қысқартылды. Іс-шара барысында ҚР ҚК-нің 392-бабы 1-бөлігімен 4 қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Шетел азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз еткен -308, шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған -60 жергілікті тұрғынның әкімшілік жауапкершіліктері қаралды.


Соңғы жаңалықтар