Түркістан облысында 64 мың жер теліміне инфрақұрылым тартылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде 341 көппәтерлі үй жөндеуден өтіп, 46 мың жаңа баспана салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырсында алдағы 5 жылда Түркістан облысының инусдтриясы мен инфрақұрылымын дамытуға 944,9 млрд теңге қарастырылғанын мәлім етті.

Соның ішінде құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шарашылық саласына – 142,5 млрд теңге, автожол саласына – 325,3 млрд теңге, көлік саласына - 469,3 млрд теңге бөлу жоспарланған.

«2025 жылға дейін өңірде «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 4,9 млн шаршы метр немесе 46 мың баспана беру жоспарланған. 2021 жылы - 7,7 пәтер, 2022 жылы - 8 мың пәтер, 2023 жылы - 9,1 мың пәтер, 2024 жылы - 10 мың пәтер, 2025 жылы - 11,1 мың пәтер салынады. Оның ішінде 23 мың пәтерді жалға берілетін және кредиттік тұрғын үй ретінде ұсынылады», -деді министр.

Сондай-ақ, ол жеке тұрғын үй салуға арналған жер телімдерін инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін 2025 жылға дейін 78,1 млрд теңге бөлінетінін айтты.

Соның арқасныда 64 мың жер учаскесіне инженерлік инфрақұрылым тартылады.

«Түркістан облысында тұрғын үйлерді жаңғырту бойынша биыл республикалық бюджеттен 101 көппәтерлі үйді жаңғыртуға 3,3 млрд теңге көзделген. 2025 жылға дейін 4,6 млрд теңге сомасында 240 көппәтерлі тұрғын үй жаңғыртылатын болады. Жалпы, 2021 жылдан 2025 жылға 7,9 млрд теңге сомасында 341 көппәтерлі тұрғын жөнделеді» деді Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында.


Соңғы жаңалықтар