Түркістан облысында 63 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысаны ашылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында өткен жылы облыста 63 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысаны ашылды. Бұл ел аумағында денсаулық сақтау саласында салынған барлық медициналық мекемелердің 40 пайызы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарын салу кезінде құны 30 млн теңге болатын құрама модульдік құрылымдар пайдаланылды. Тиісінше, бұл шығынды екі есеге қысқартады. Сондай-ақ, еліміз бойынша облыс алғашқы болып модульдік медициналық бекеттердің құрылысын қолға алды. Неміс технологиясы бойынша салынатын, Түркияда жасалған ғимараттардың артықшылығы аз емес. Бұл жаңашылдық уақыт пен бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдейді. Ең бастысы өңірдегі шалғай ауылдардың тұрғындары үшін медициналық көмек көрсету мәселесі шешімін тапты. Бекеттердің модульдік құрылымын құрастыруға небәрі 2 ай ғана уақыт кетеді. Жаңа медпунктерде фельдшер және медбикелер медициналық көмек көрсетеді. Ол үшін мұнда барлық жағдай жасалған. Сапалы материалдардан салынған жайлы ғимаратта тәулігіне ондаған науқастарды қабылдауға мүмкіндік бар.

Қазіргі уақытта Түркістан облысында 6 жаңа емхана құрылысы жүргізілуде. Атап айтқанда, Атакент, Мырзакент, Ақсукент және Кентау, Жетісай, Шардара қалаларында. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Түркістан қалалық емханасының, 610 төсектік облыстық көпсалалы аурухананың, Облыстық туберкулезге қарсы диспансердің, Облыстық онкологиялық диспансердің құрылысын жүргізу және Түркістан қаласындағы облыстық жедел медициналық көмек стансасын қайта құру және пайдалануға беру жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар