+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Түркістан облысында 6 тоннаға жуық есірткі тәркіленді

2019 жылғы 23 қыркүйек 11:54
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында 6 тоннаға жуық есірткі тәркіленді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - «Көкнәр» және «Допинг» жедел алдын алу іс-шаралары аясында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 62 қылмыс тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавлда есірткіні жарнамалаған бойжеткен 10 күнге қамалды Жамбылда 49 жастағы тұрғыннан бір қап марихуана табылды Алматыдағы қоғамдық көлік жүргізушілерінің барлығы тексеріледі

Оның ішінде 18 есірткі затын өткізу, 3 аса ірі көлемде есірткіні сақтау фактілері болса, одан бөлек есірткі өсімдіктерінің 38 алқабы жойылды. Полиция қызметкерлері тәркілеген есірткінің жалпы салмағы - 6 тоннаға жуық, оның ішінде 5,5 кг астамы - героин.

Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты - есірткі қылмысының алдын алу және жолын кесу, күдіктілерді есірткіні сақтау және өткізу кезінде ұстау, құрамында есірткісі бар өсімдіктердің заңсыз егілуі мен есірткіні жеткізу арналарын және басқа да құқық бұзу фактілерін анықтау мен жою.

Мысалы, 17 қыркүйек күні Түркістан облысы полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы кезінде Сайрам ауданының тұрғынын ұстады. Күдіктіні тінту кезінде жедел уәкілдер марихуанаға ұқсас өсімдік тектес есірткі затын тапты. Одан әрі ұсталған күдіктінің үйінен тағы бірнеше полиэтилен пакет пен есірткі орамасы тәркіленді. Сараптамаға сәйкес, алынған есірткі заты - жалпы салмағы 5 кг-дан асатын марихуана болып шықты.

Аталған жайт ҚР ҚК 296-бабы және 297-бабы бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіледі.

Сондай-ақ, жедел алдын алу іс-шарасында Түркістан облысы ПД ЕҚҚКБ жедел уәкілдері Кентау қаласының тұрғынын ұстады. Ұсталған күдіктінің үйін тінту кезінде тәртіп сақшылары марихуанаға ұқсас өсімдік тектес екі полиэтилен пакетті тауып, тәркіледі. Сараптама қорытындысы бойынша, тәркіленген есірткі заты 1 кг-дан асатын марихуана болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Полиция қызметкерлері күдіктінің есірткіні қандай мақсатпен сақтағанын, сондай-ақ басқа да қылмыстардың толық мән-жайын анықтауда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT