Түркістан облысында 54 мың адам жұмыспен қамтылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы аясында 9 айының қорытындысы бойынша нақты 54 мың адам жұмысқа орналасқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев мәлімдеді. 

Оның айтуынша, аталмыш бағдарлама бойынша биыл 65 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Аталған бағдарлама 3 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Мәселен, техникалық және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз етуге 7 953 адам оқуға жолданған.

 «Әр ауылға өз шебері» акциясы бойынша 2 600 адам оқуға жіберіліп, оның ішінде оқуды аяқтаған 2 мың адамның 1 200-і немесе 63 пайызы тұрақты жұмысқа орналасқан. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасына сәйкес, ұлттық қолөнер шеберлері, ұлттық тағамдар аспазы, суретші, кескіндемеші мамандықтары және дәнді дақылдарды өндеу, агротехникалық мамандықтар бойынша 2 мың адам білім алуда. Оның 1 400-і оқуды аяқтап, 1 мың адам тұрақты жұмысқа орналасқан», - деді Мұхит Отаршиев.null 

Жаппай  кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша «Бастау-Бизнес» жобасы аясында оқытуға 1 730 адам оқуға жолданып, тиісті сертификаттарын алған. Сертификат алған 215 маман 1,1 млрд теңге көлемінде шағын несиемен қамтамасыз етілді. Шағын несиемен қамтамасыз етуге жоспарланған 792 адамның 543-і  2,3 млрд теңге көлемінде шағын несие алып, нәтижесінде 842 жаңа жұмыс орны құрылды.

Басқарма тарапынан халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту шеңберінде 43 700 адамға қызмет көрсетіліп, нәтижесінде өңірдегі жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайыз, жастар арасындағы жұмыссыздық 4,4 пайыз көлемінде болып отыр.

Соңғы жаңалықтар