Түркістан облысында 52 мыңнан астам бала мектеп формасымен қамтылады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасындағы балалардың мектеп формасына қаржы беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыста атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан кепілдендірілген әлеуметтік пакетімен қамтылған 6-18 жастағы 52 660 баланы мектеп формасымен және мектеп құралдарымен қамтамасыз ету үшін 1 857,6 млн теңге қажеттілігі туындаған болатын. Аталған мәселе шешімін тапты. Бүгіннен бастап барлық мектептер ата-аналардан өтініш қабылдауды бастайды. Ата-аналар атаулы әлеуметтік көмек алатындығы туралы құжаттарды береді. Соған сәйкес біз олардың арнайы есеп шоттарына ақшаны аударып береміз», - деді облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы.

Сондай-ақ, ол кәсіпкерлер мен қала тұрғындарын «Мектепке жол» акциясына белсенді қатысуға шақырды.

Биылғы жылы Түркістан облысының оқушылары қара көк түсті форма мен ақ көйлек киеді. Сондай-ақ, ата-ана белгілі бір кәсіпкерге немесе дүкенге байланып қалмай, өз жағдайына қарай кез келген жерден мектеп формасын ала алады.

Бұған дейін Түркістан облысында көмекке мұқтаж оқушылар тізімі жасақталып жатқанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар