+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Түркістан облысында 50-ге жуық қызметкер ревакцинациялаудан өтті

2021 жылғы 25 қараша 19:46
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында 50-ге жуық қызметкер ревакцинациялаудан өтті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында қайта екпе егу науқаны басталды. Вакцинаны бұған дейін салдырған 47 дәрігер отандық «QazVac» екпесін қайта қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысының 40-тан астам полицейі марапатталды Қызылордада ревакцинациядан 192 адам өтті Ақтөбе облысында 400-ден астам адам Pfizer вакцинасын салдырды

Облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, коронавирус инфекциясымен күресте алдыңғы шепте жүрген ақ желеңділер үшін COVID-19 инфекциясынан қорғану маңызды болып саналды. Ревакцинация бір ғана дозамен жүргізіледі. Сонымен қатар алдында «HayatVax», «QazVac», «CoronaVac», «Синофарм» вакциналарын салдырғандар араға 6 ай уақыт өткенде және «Спутник V» вакцинасын салдырғандар арада 9 ай уақыт өткен соң вакцинаның кез келген басқа түрін қабылдауларына болады. Сала мамандары сондай-ақ, ревакцинация 60 жастан асқан адамдарға да жүргізілетінін айтады.

Айта кетейік, аймақта вакцина қабылдауға жататын азаматтардың 97 пайызы алғашқы компонентін, 92 пайызы екінші компонентін қабылдаған.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT