Түркістан облысында 5 жасар бала терезеден құлап, мерт болды

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында 5 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап, қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Созақ ауданы, Таукент кентінде болды. Ересектердің қарауынсыз қалған 2018 жылы туған бүлдіршін 5-ші қабаттан құлап кеткен. Баланың ата-анасы жұмыста болғандықтан, үйінде 8 жастағы әпкесі қарап отырған. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің бір қызметкері мен бір техникасы барды.

«Балаларды қараусыз немесе қариялар мен балалардың бақылауында қалдырмаңыз, терезелерді, балкондарды ашық тастамаңыз. Балаңызға терезелердің қалай ашылатынын көрсетпеңіз. Терезеге бекіткіштер орнату керектігін ескертеміз!» - делінген Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Соңғы жаңалықтар