Түркістан облысында 5 мыңнан астам қару ұстаушы тексерілді

None
None
ТҮРКІСТАН. Қазақпарат – Түркістан облысында заңсыз қарумен айналысқан қылмыстардың алдын-алу мен азайту мақсатында «Қару» жедел алдын-алу іс-шарасы кең көлемде өткізілді. Полиция департаментінің Әкімшілік полиция қызметкерлері өткізген шарада 5 мыңнан астам қару ұстаушы тексерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәртіп сақшылары бес тәулік ішінде заңсыз 42 қаруды анықтаған. Оның ішінде 31-данасы тәркіленіп, 11-данасы өз еркімен тапсырылған. Сонымен қатар 21-дана ойық ұңғылы қарудың оқтары алынды. 272 азаматқа қатысты әкімшілік құқықбұзушылық шаралары қолданылып, бірқатар тұрғындарға әкімшілік кодекстің баптарымен хаттамалар толтырылды. Мәселен, Сайрам ауданы бойынша жүргізілген «Қару» жедел алдын-алу іс-шарасы барысында жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары аудан тұрғынының бірінен тіркелмеген травматикалық тапаншасын айғақты зат ретінде алды. «Қару» профилактикалық іс-шарасын өткен жылдармен салыстырғанда бүгінгі таңда өз еріктерімен қаруларын полицейлерге тапсыратындар саны артып келеді. Қазіргі таңда ұсталған азаматқа қатысты тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде» - дейді Түркістан облысының Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының инспекторы Абдулла Аманбаев.

Соңғы жаңалықтар