Түркістан облысында 5,5 тоннаға жуық есірткі заңсыз айналымнан алынды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында жыл басынан бері есірткіге қатысты 170 қылмыс тіркелді. Заңсыз айналымнан 5,5 тоннаға жуық есірткі заты тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 47 адам наркотикалық заттарды сату кезінде ұсталған.

Тағы 23 тұрғын аса ірі көлемде есірткі затын сақтағаны анықталды.

Тәртіп сақшыларымен 36 есірткі контрабандасына тосқауыл қойылып, 60 адам есірткі өсімдігін еккені үшін қылмыстық жауапқа тартылған.

«300-ден астам граффити жазбалары өшірілген. Сонымен қатар Қоғамдық денсаулық басқармасының қызметкерлерімен облыс аумағында орналасқан ойын-сауық орындары мен түнгі клубтарда жастар арасында есірткі заттарын сақтау, сату, тұтыну деректерін анықтау және алдын алу мақсатында 20-ға жуық шұғыл шара ұйымдастырылған» делінген полцияның хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар