Түркістан облысында 4 мың отбасы АӘК-тің көмегімен жеке кәсібін ашқан

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік қолдау шаралары жайлы халық жақсы біледі. Ол мүмкіндіктерді кеңінен пайдаланып отыр. «Хабар» арнасында «Ашық диалог» бағдарламасында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің білуімше, елде бизнесті мемлекеттік қолдаудың 500-ге тарта түрі бар. Микронесиелеу, оқыту, әртүрлі салықтық жеңілдіктер баршылық. Қазіргі таңда шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 1 миллионнан асып кетті. Ал кәсіпкерлік саласында еңбек еткен адамдардың саны 3 миллион адам. Бұл сандар мемлекеттік қолдау шаралары жайлы халықтың білетінін, оған үміт артатынын көрсетеді. Ең алдымен, ауылдағы халықтың белсенділігі жоғары. Сәтті мысалдар жетерлік. Мәселен, Түркістан облысында 4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмектің арқасында жеке ісін ашып алған. Бұл жағдай бізді қатты қуантады», - деді Дәурен Абаев «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.

Еске сала кетсек, мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмек алатын Қостанай облысында да көпбалалы ана отбасының материалдық жағдайын жақсартып қана қоймай, жеке ісін де ұйымдастырғаны бұған дейін хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар