Түркістан облысында 4 мектеп пайдалануға берілді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат -Тұңғыш Президент күні қарсаңында Түркістан облысының Мақтаарал ауданында 4 мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мақтажан, Арайлы, Қарақыр, Ж.Қалшораев ауылындағы балалар жаңа мектептің табалдырығын аттап, қуанышқа кенелді. Мектептерде физика, химия, информатика кабинеттері, мултимедиа және лингафон кабинеттері соңғы үлгідегі технологиямен жабдықталып, оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған.

Сондай-ақ спорт залы, тігін шеберханассы, асхана да заманауи үлгіде жабдықталған. Жаңа ғимараттардың арқасында ауыл оқушылары түрлі спорт, өнер және қолөнер үйірмелеріне қатысып, өздерін қосымша дамыта алады.

Мектептің ішін аралап жергілікті тұрғындар құрылыстың сапасына, базалық-техникалық жабдықталуына жоғары баға берді.

Айта кетейік, биыл Мақтаарал ауданының өзінде 13 мектептің құрылысы жүргізілді. Бүгінде олардың төртеуі пайдалануға берілсе, жылдың соңына дейін тағы 4 мектеп құрылысы аяқталады деп жоспарланып отыр. Ал, қалған 5 мектептің құрылысы келесі жылға өтеді.



Соңғы жаңалықтар